20 января 2025


СТУДЕНТТЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының бітіруші курс студенттерін өндірістік педагогикалық практикаға дайындық мақсатында ұйымдастыру конференциясы өтті.

Іс-тәжірибе 19 қала, облыс мектептерінде өтеді. Студенттер осы уақытқа дейін жинаған теорияларын практикада жүзеге асырып, білімдерін бекітеді. Практика жетекшісі, кафедраның аға оқытушысы Анна Козлова студенттерді практиканы ұйымдастырудың негізгі аспектілерімен таныстырды.

Кездесу барысында студенттер педагогикалық практикаға қажетті бұйрық, есеп беру формалары және басқа да құжаттар легімен танысты. Бұл конференция студенттерге өндірістік іс-тәжірибені сәтті өткізуге мүмкіндік береді.