20 января 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ САМАР АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

Amanzholov University делегациясы ректор Мұхтар Төлегеннің басшылығымен Самар ауданының мектеп бітірушілері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді. Оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары мен оның артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді.

Іс-шара аясында Самар ауданының студенттерінің ата-аналарына университеттің оқуы мен қоғамдық өміріндегі жетістіктері үшін алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, университеттің кәсіби бағдар беру жұмыстарына белсене қатысқаны үшін үшін білім саласының ардагерлері, білім бөлімінің өкілдері мен мұғалімдер марапатталды.

Кездесу барысында ректор университеттің жыл сайын ауыл жастарына білім беру гранттарын бөлетінін атап өтті.

— Аудан түлектері  ҰБТ нәтижелері бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, университетімізде сәтті білім алып, ғылыми және қоғамдық өмірге белсене қатысуда. Сапар аясында мен оқу үздіктеріне және ата -анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге университет гранттарын табыстадым, — деп атап өтті Мұхтар Төлеген.

— Бүгін маған төрт жылдық университеттің білім беру грантын алуға мүмкіндік туды. Осындай мүмкіндік үшін ШҚУ ректорына ерекше алғысымды білдіремін. Мен өте қуаныштымын және университет қабырғасында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге уәде беремін, — деп бөлісті мектеп түлегі Аружан Даухаринова.

Іс-шараның соңында ШҚУ белсенділері дайындаған жарқын концерт ұйымдастырылды. Кездесу қатысушыларына әсем әндер мен тамаша билер ұсынылды.