21 января 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
21 января 2025
Тәжікстанмен ынтымақтастық аясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне көктемгі семестрде білімдерін толықтыру үшін 21 тәжікстандық студент келді.
Сотим Улугзода атындағы Тәжік Халықаралық университетінен 13 студент халықаралық қатынастар, шет тілі және аударма ісі мамандықтары бойынша білім алады. Ал Тәжікстанның Халықаралық туризм және кәсіпкерлік университетінен келген 8 студент экономика, қаржы, туризм және құқық салаларындағы білімдерін жетілдіруге ниетті.
Кездесу барысында ШҚУ ректоры студенттерге университеттің негізгі басымдықтарын түсіндіріп, сабақтан тыс ұйымдастырылатын рухани дамуға арналған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанның әсем табиғатын тамашалап, қазақ мәдениетімен жақынырақ танысуды ұсынды.