22 января 2025


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2025 жылдың 22 қаңтар күні «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ Жоғары колледжінде «Тұрақты даму мақсаттарына жету және экологиялық-әлеуметтік аспектілерді білім беру бағдарламаларына интеграциялауда колледждердің рөлі» атты халықаралық  дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты:  тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда колледждердің рөлін анықтау мәселесінде талқылау және тәжірибе алмасу.

Дөңгелек үстелді тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор-басқарма мүшесі Калимолдина Жаннета Амангелдиновна ашты.

Дөңгелек үстел аясында «Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық Университеті» Кәсіптік колледжі, М.Рысқұлбеков Қырғыз экономикалық университеті «Ғылыми зерттеу университеті», «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» Zhansugurov College, «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» Жоғары колледжі, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ІТ колледж өкілдері мен оқытушылары өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті.

Колледждер оқу жоспарларына тұрақты даму, экология және әлеуметтік жауапкершілік тақырыптарын белсенді түрде қосуда. Бұл студенттердің жаһандық сын-қатерлер туралы білім алып қана қоймай, оларды кәсіби қызметінде қолдануды үйренуге мүмкіндік береді. Студенттерді практикалық оқытумен қатар қоғамдық маңызы бар жобаларға белсенді тарту үшін экологиялық, әлеуметтік құрылымдармен байланыс орнатудың маңыздылығы атап өтілді.

 

Табысты тәжірибелерді анықтау және олардың тиімділігін арттыру мақсатында білім беру бағдарламаларына тұрақты даму нәтижелерін бағалау және бақылау қажеттілігі талқыланды. Осылайша, дөңгелек үстел тәжірибе алмасу және колледждерде экологиялық және әлеуметтік бастамаларды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.