23 января 2025


ШҚУ-ДЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕСІН «КАЗЦИНК» ЖШС САТЫП АЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің коммерцияландыру жобасы аясында әзірлеген алғашқы отандық кәсіби дефектолог үстелін «Қазцинк» ЖШС-ның спонсорлық қолдауымен Ұлан ауданы педагогикалық қамтамасыз ету және түзеу (ПҚТК) кабинетіне табыс етілді.

Алдағы уақытта Ұлан ПҚТК-ға баратын балалар кәсіби құралдарда замануи әдістемелер бойынша білім алады.

Еске салайық, ШҚУ-дың бір топ ғалымдары арнайы білім беру саласындағы тәжірибелік оқытушылармен бірлесіп, «Ғылым қорының» АҚ осы бағыттағы коммерцияландыру жобасын жеңіп алды. Ерболатұлы Досым жетекшілік ететін жоба тобында Байчинов Рауан, Алипова Алима, Адиканова Салтанат, Ауренова Мадина, Жакупова Сәуле еңбек етті.

Жоба бойынша 5 құрылғыларға патент және 14 әдістемелік ресурстар мен тренажерларға авторлық куәлік алынды. Олардың арасында логопедтер мен дефектологтарға көмектесу үшін арнайы оқу бағдарламалары, сенсорлық моноблогы бар, сондай-ақ қағаздан және ағаштан жасалған оқу құралдарын қамтитын кәсіби дефектолог үстелі бар. Отандық әзірлеменің артықшылығы кейбір бөліктерінің реттелуі автоматтандырылған, сынақтан өткен және арнайы білім беру ұйымдарымен ұсынылған қазақ және орыс тілдеріндегі әдістемелік ресурстардың болуында.

— Әзірлеушілер тобы ШҚО білім басқармасының басшысы Чернышева Инесса Александровнамен бірге Ұлан ПҚТК-де болып, кәсіби дефектолог үстелін қолдану бойынша шеберлік сабағын өткізді. Педагогтер балаларды түзетуде тиімді көмектесетін жаңа құралды жоғары бағалады, — Алима Алипова.

Атап өтейік, ҚР Ғылым және жоғары білім минситрі Саясат Нұрбек ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру мәселесі экономиканың нақты секторында және ұлттық ғылыми жүйені кезең-кезеңімен өзгертуде маңызды рөл атқарады деп атап өтті.