23 января 2025


ШҚУ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛЫСТЫРУ БОЙЫНША ТОП-6 ЖОО ҚАТАРЫНА ЕНДІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша топ-6 ЖОО-ға қатарына кірді. Бүгінде бұл көрсеткіш 98 % құрайды.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті білім сапасының жоғары болуымен ерекшеленеді. Білім ордасы бітіруші түлектерге қысқа мерзімде жұмыс табуға мүмкіндік береді.

«Professional Upgrading» Мансап орталығының жетекшісі Жаннель Болатованың айтуынша, бұл көрсеткіш мектеп бітіріп жоғары оқу орнын таңдау алдында тұрған талапкерлерге бағыт береді. Сондай-ақ ШҚУ-дың БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бейімдігін көрсетеді.