23 января 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
23 января 2025
С.Аманжолов атындағы ШҚУ Лейбниц қорының қолдауымен және
танымал зерттеуші, профессор Юлия Херцбергтің жетекшілігіндегі Шығыс Еуропа тарихы
мен мәдениеті институның басшылығымен
жүзеге асатын 2024-2029 жылдардағы жоба қатысушысы атанды.
Жоба тақырыбы: «Үгілген таулар: қоршаған орта және Үлкен
Алтайдың тік климаттық
шекарасы (1950-2020)». Мақсаты – Алтай климатының өзгеруін әлеуметтік-гуманитарлық
ғылымдар тұсынан зерттеу.
Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысында ШҚУ мен
Шығыс Еуропаның Лейпциг тарихы мен мәдениет институты арасында іс-шаралар
өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, ШҚУ-дың «Экология», «Биология», «Тарих», «Дінтану»,
«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламаларының студенттеріне дәрістер,
семинарлар өткізу. Шығыс Қазақстан облысы бойынша жазғы мектептер ұйымдастыру,
ғалымдарға далалық зерттеу жұмыстарын өткізу, бірлескен ғылыми жұмыстар жазу.
Сонымен қатар, ШҚУ ғалымдары неміс әріптестермен бірге Алтай
тауы туризмін тұрақты дамыту, сондай-ақ климаттың өзгеруінің ауылшаруашылығына әсерін зерттейді.