24 января 2025


АЛЬМА-МАТЕР МАМАНЫ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕДІ

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатов Болашақ «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдама жеңіп алды. Ол Гумбольдт атындағы Берлин университетінде «Экономика» бағыты бойынша 2025 жылдың 2 маусымынан бастап 28 қарашаға дейін тәжірибеден өтеді. Зерттеудің негізгі тақырыбы «Мемлекеттік реттеу және драйверлері ретінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тұрақты экономикалық өсу мен жасыл технологияларды дамуы» болмақ.

Тағылымдаманың мақсаты – экономикалық және басқарушылық құзыреттерді, зерттеу дағдыларын меңгеру, сондай-ақ жасыл технологияларды дамыту мен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік-жекеменшік механизмдерді әзірлеу мен енгізуде практикалық тәжірибе жинақтау.

«500 ғалым» бағдарламасына қатысу Ержан Бағданұлына кәсіби көкжиегін кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар ғылым, білім және тұрақты даму арасындағы байланысты нығайта отырып, білім беру бағдарламаларын басқаруда жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.