24 января 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
24 января 2025
Дуальды оқыту – бұл теория мен практиканы үйлестіре отырып, мамандарды даярлау жүйесі. Осы жүйені жүзеге асыру әрі дамыту мақсатында Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Жамбыл атындағы облыстық мектеп-гимназия-интернаты мен №47 орта мектепте білім алды. Олар университетте алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануды меңгерді.
Дуальды оқытуда жұмыс берушілер белсенді рөл атқарады, олар оқу бағдарламаларын жасауға, студенттерге тәжірибелік дағдыларды үйретуге қатысады. Мектепте тәжірибеден өту арқылы болашақта сол жерде жұмысқа тұру мүмкіндігін де арттыратыны белгілі. Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының оқытушылары дуальды оқытуда әлеуметтік-серіктес PhD, шебер-ұстаз Меруерт Мұқашова Қозықанқызы мен зерттеуші-педагог Жиенбаева Дана Болатбекқызына алғыстарын білдіреді.