24 января 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
24 января 2025
Тұрақты даму
мақсаттары әлемдегі тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Мақсаттардың
ішіндегі ең көлемдісі – 11-мақсат. Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар деп
аталатын бұл мақсаттың негізі міндеті — қалалар мен елді мекендерді қауіпсіз,
тұрақты өмір сүруге қолайлы ету.
Қалаларда халық саны жыл сайын көбейіп келеді, сондықтан көлік, тұрғын үй,
инфрақұрылым, таза ауа және санитария мәселелерін шешу өте маңызды.
Аманжолов университетінде осы мақсатқа сай
көптеген шаралар жүзеге асуда. Әсіресе, бұл мақсат 10 жылдық тарихы бар
мемлекеттік «Серпін» бағдарламасымен тығыз байланысты. Жалпы бұл бағдарлама
жастарға білім алу және еңбекпен қамту мүмкіндігін ұсынатын мемлекеттік
бастама. Бұл бағдарлама әсіресе, халық тығыз орналасқан оңтүстік өңірлердегі
(Алматы, Түркістан, Шымкент) жастарына арналған таптырмас мүмкіндік. 10 жыл
ішінде бағдарлама аясында 1122 студент диплом алды. Жобалық кеңсенің мәліметінше,
түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 97%-ды құрайды. Олардың басым бөлігі Шығыс
Қазақстанда қалып, жергілікті ұйымдарға жұмысқа орналасқан немесе ғылыми
қызметін жалғастыруда.