24 января 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
24 января 2025
ШҚУ ректоры Мұхтар
Төлеген және физика және технологиялар кафедрасының профессоры Досым Ерболатұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Физика және химия
ғылымдары» бағындағы кадрлер дайындау Оқу-әдістемелік бірлестік отырысына
қатысты. Шара қатысушылары және сарапшылар атом өнеркәсібінің әлеуеті жайлы,
оның ішінде маман даярлаудағы ииновациялық әдістер және заманауи сын-қатерлер
туралы талқылады.
Шара барысында
ШҚУ өкілі Досым Ерболатұлы «Ядролық физика және атом энергетикасы» білім беру
бағдарламасы бойынша студенттерді дайындау тақырыбында авторлық баяндамасын
жасады. Ол қазір химия, ядролық-физика сала мамандарына сұраныс жоғары екендігін
атап өтті.
— Біз осы білім бағдарламасын бірнеше жылдан бері
жүргізіп келеміз. Нәтижесінде елдегі қажетті кадрлер орнын толтырып келеміз, —
деді профессор.
Сонымен
қатар, ОӘБ отырысына әлеуеті жоғары жұмыс берушілер қатысып, білімге деген
көзқарастары жайлы айтты. Атап
айтқанда, ҚР ЭМ Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің басқарма басшысы
Жанайдар Тоқсаба, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ кадрлер департаментінің директоры
Минора Мамарахимова, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директоры
Тимур Жантикин, Ядролық физика институтының жетекші ғылыми-қызметкері Данияр
Жансейітов, ССР-Қ зерттеу реакторы комплексі бас инженерінің орынбасары Асхат
Бекбаев, Ұлттық ядролық орталықтың Бюджеттік бағдарламалар және кадрлер
дайындау бөлімінің басшысы Алуа Қабдырақова және Ядролық технологиялардың
қауіпсіздігі ғылыми техникалық орталығы директорының орынбасары Александр
Клепиков қатысты.