27 января 2025


БІТІРУШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

ШҚУ-да бітіруші курс студенттерімен магистратураға түсуге қатысты сұрақтар талқыланды. Қатысушылар білімді жалғастырудың берер мүмкіндіктерін, оқуға түсуге қойылатын негізгі талаптарды және жаңа перспективаларды талқылады.

Кездесу барысында кәсіби дамудың маңыздылығы, жан-жақты әрі әділетті сапалы біліммен қамтамасыз ету және өмір бойы оқу мүмкіндіктерін ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шаралар студенттердің білімдерін магистратурада жалғастыруға және тұрақты болашақ құруларына ықпал етеді.