28 января 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
28 января 2025
Колледжіміздің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, қаңтарда «Заң және тәртіп» айы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Манкей және колледж психологы Г.Б. Рыспаеваның ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты әкелер жиналысы өткізілді.
Мақсаты: отбасы құндылықтарын күшейту, бала тәрбиесіндегі ата-аналар қауымдастығының, әкелер жауапкершілігін арттыру.
-«Әке – асқар тау» дейміз, баланы жағадағы құраққа теңейміз. Бүгінде желкілдеп өсіп келе жатқан жас құрақтың бой түзейтін негізгі құбыласы сол асқар тауы болғаны дұрыс-ақ. Дегенмен өмірдің түрлі өткелдері арқылы бала бойында қалыптасатын мінез бен әрекет әкенің тәрбиесінен алыстатпаса, — дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдир Манкей.
Жиналыс барысында қазіргі замандағы бала тәрбиесінде атқарылатын жұмыс түрлерін талқылап, түрлі тренингтер арқылы зерттеулер жасалып, жиналысқа келген әкелер пікір алмаса отырып, өздеріне қажетті ақпараттар алды.