29 января 2025


ШҚУ ОҚЫТУШЫСЫ СУИЦИДТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІН АЙТТЫ

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушысы Д.М. Есимханова Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК-нің № 73 мекемесінде өткен «Суицидтің алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Ол «Суицидтік мінез-құлықтың бастапқы белгілері» тақырыбында баяндама жасап, дағдарыстық жағдайларды ерте анықтаудың негізгі белгілері мен әдістерін таныстырды.

Д.М. Есимханованың баяндамасы дөңгелек үстелге қатысушы пенитенциарлық жүйе мамандары, психологтар және қоғамдық ұйым өкілдері тарапынан жоғары бағаланды. Суицидтің алдын алуға қосқан үлесі үшін оқытушы Алғыс хатпен марапатталды.