30 января 2025


БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОНАҚ ЛЕКЦИЯСЫ

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен С. Аманжолов атындағы ШҚУ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасында педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттерге қонақ лекциясы өткізілді.

Лекцияны PhD докторы, НЗМ информатика пәнінің мұғалімі Жанат Сейітахметова студенттермен ашық пікір алмаса отырып жүргізді.

Студенттер бағалау мен оқытудың өзара байланысын, білім беру мақсаттарына жетуде дескрипторлардың маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар, түрлі білім беру стратегияларымен танысып, оларды тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.