30 января 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
30 января 2025
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Қаламгер» шығармашыл студенттер ұйымы еңбек адамдарына алғыс білдіріп, жылы лебіздерін жолдады. Ұйым мүшелері олардың еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, қоғамға қосқан үлестеріне құрмет көрсетті.
«Қаламгер» ұйымының төрағасы Алпамыс Нұрболат Біржанұлы «Алтай» телеарнасына сұхбат беріп, ұйымның қызметі мен болашақ жоспарлары жайлы баяндады. Алдағы уақытта ұйым жас қаламгерлерге арналған шеберлік сыныптарын өткізу, республикалық әдеби байқау ұйымдастыру, жас авторлардың жинағын шығару сияқты жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.