31 января 2025


Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы ұйымдастыратын «Психология» бойынша аймақтық Олимпиадаға қатысуға 11 сынып оқушыларын шақырамыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика жоғары мектебі

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Ақпараттық хат

2025 жылдың ақпан айында С.Аманжолов атындағы ШҚУ Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы ұйымдастыратын «Психология» бойынша аймақтық Олимпиадаға қатысуға 11 сынып оқушыларын шақырамыз.

Олимпиада мақсаты: білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, олардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы, психологиялық мәдениетін жетілдіру және білім беру жүйесінде практикалық психология қызметінің беделін арттыру.

Олимпиада мазмұны мен ұйымдастырылуы:

  1. Олимпиада Өскемен қаласы С.Аманжолов атындағы ШҚУ Педагогика жоғары мектебінің «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасында 2025 жылдың 10 және 28 желтоқсаны арасында өткізіледі.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады (сырттай және онлайн) және индивидуалды жарысуды көздейді.

Олимпиаданың бірінші кезеңі (сырттай формасы) жазбаша тапсырмалардан тұрады. Тапсырма жауаптары 2025 жылдың 19 ақпанына дейін қабылданады.

Олимпиаданың екінші кезеңі онлайн болады. Бұл кезеңде 1 — кезеңнің барлық жеңімпаз қатысушылары шақырылады. 2-кезең 2025 жылдың 28 ақпанында  өткізіледі.

  1. Олимпиадаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мен тіркеу ақпан айының 10 мен 12 аралығында жүзеге асырылады.
  2. Өтініштер берілген үлгіге (Қосымша 1) сәйкес электронды түрде Kaf_psy@bk.ru. поштасында қабылданады

Қосымша ақпараттарды мына телефон нөмірлері бойынша ала аласыздар: 8-705-239-7975 (Юлия Евгеньевна), 8-777-148-83-60 (Каракат Берикхановна). 8-777-857-8298 (Құралай Тоқтарбекқызы).

  1. Өтініштерді қабылдап, тіркеген соң Ұйымдастыру Комитеті қатысушыларға 1-кезеңнің тапсырмаларын жібереді.
  2. 2025 жылдың 19 ақпанына дейін Kaf_psy@bk.ru электронды мекен-жайына 1-кезеңнің тапсырма жауаптарын жіберу қажет.
  3. Финал және жеңімпаздарды марапаттау —2025 жылдың 28 ақпанында.
  4. Олимпиадаға қатысу тегін.

Олимпиаданың Гран-при иегері жоғары педагогика мектебінің «Психология» білім бағдарламасына оқуға түскен жағдайда, 4 жылдық оқу грантын алады.

1,2 және 3 орынға ие болған қатысушылар дипломмен марапатталады. Қалғандарына олимпиадаға қатысқандары үшін сертификат беріледі. Оқушыларды олимиадаға дайындаған педагог-психологтарға және мұғалімдерге сертификаттар табысталады.

Өткізу тілі: қазақ тілінде, орыс тілінде.

 

Қосымша 1

ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУҒА

ӨТІНІМ

Өтінім үлгісі:

Мектеп оқушылары арасындағы Психологиядан аймақтық олимпиадаға қатысуға өтінім

Оқушының аты-жөні (толық): Байланыс телефондары (ұялы)

Электрондық поштасы (e-mail)

Сыныбы, Оқу орнының аты мен мекен жайы Ғылыми жетекші аты жөні (толық), қызметі, лауазымы, байланыс телефоны, электрондық поштасы  (e-mail): Қатысу тілі
1 Бота

Каден

8-700-700-15-15

bota@mail.ru

11 класс ГУ СШ № 20 им. А.Байтурсынова

г.Усть-Каменогорск, улица Алматинская 54 070000

Серикбаева Маржан, педагог-психолог высшей категории, 8-700-700-89-89

e-mail:

Каз
2

 

Өтінім қосымша ретінде Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің электронды мекен-жайына жіберіледі.

Құжаттың атауы (өтініштің): «…..қаласындағы № .. мектептің өтініші». Жіберілген хат тақырыбын «Олимпиада-2025» деп көрсетіңіз.