31 января 2025


Физика және технологиялар кафедрасының студенттерімен есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқықтық жауапкершілік тақырыбында кездесу өтті

Бүгін есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқықтық жауапкершілік тақырыбында маңызды кездесу өтті. Оған тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор-басқарма мүшесі Жаннета Амангелдіқызы және тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі жектекшісі Дәурен Серікұлы қатысып, студенттерге заң талаптары мен оның салдары туралы кеңінен түсінік берді.
🚨 Кездесуде көтерілген негізгі мәселелер:
🔹 Есірткіні сақтау, тарату және пайдалану үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік.
🔹 Есірткінің жеке өмірге, денсаулыққа және болашақ мансапқа тигізетін зияны.
🔹 Шынайы өмірден алынған мысалдар: жастардың қателіктері қандай қайғылы жағдайларға әкелгені туралы.
🔹 Қаржылық пирамидаларға, алаяқтық ұйымдарға кірудің қауіптілігі.
‼️ Маңызды ескерту:
✔ Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
✔ Кез келген заңсыз әрекет – тек сіздің ғана емес, айналаңыздағы адамдардың да өміріне қауіп төндіреді.
✔ “Жеңіл ақша” ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін: күмәнді несиелер алмаңыз, күмәнді ұйымдарға кірмеңіз!
Әр студент өз болашағына жауапты! Заңды сақтап, саналы таңдау жасайық!