3 февраля 2025


Хабарландыру!

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің  Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы «Professional Upgrading» мансап орталығымен» бірлесіп, Өскемен қаласы және ШҚО орта мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында психология бойынша  аймақтық олимпиада өткізеді.

Олимпиада мақсаты: білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, олардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы, психологиялық мәдениетін жетілдіру және білім беру жүйесінде практикалық психология қызметінің беделін арттыру.

Олимпиада Регламенті

10-12 ақпан – өтінімдерді беру және Олимпиада қатысушыларын тіркеу;

15-19 ақпан – бірінші кезеңнің тапсырмаларын орындау;

20-25 ақпан – Олимпиада қазыларының орындалған тапсырмаларды тексеруі және іріктеу кезеңінің қорытындысын шығару. Қорытынды кезеңге шақыру.

28 ақпан  14.00 ден 15.00 ге дейін  — қорытынды кезеңнің өткізілуі;

28 ақпан  15.30 – Олимпиада қорытындысы, жабылуы.