4 февраля 2025


ЖАҢА РЕЙТИНГ:AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ

2025 жылғы «Атамекен» ҰКП білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелері белгілі болды, онда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Рейтингке университеттің 36 білім беру бағдарламасы қатысып, оның ішінде 14 бағдарлама Қазақстандағы үздік үштікке, ал 29 бағдарлама ТОП-10 қатарына енді.

Рейтинг көшбасшылары – ТОП-3 білім беру бағдарламасы

1-орын:

1.6В01403 – Бастапқы әскери дайындық

2.6В01402 – Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика

3.6В01508 – Математика-Физика

4.6В01505 – Биология

5.6В01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі

6.6В08301 – Орман ресурстары, аңшылық және ара шаруашылығы

2-орын:

1.6В01301 – Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі

2.6В01601 – Тарих

3.6В03101 – Психология

3-орын:

1.6В01404 – Музыкалық білім беру

2 .6В01511 – Математика-Информатика

3.6В01501 – Информатика

4.6В05202 – Экология

5.6В05201 – География

«Атамекен» ҰКП түлектердің мансаптық мүмкіндіктері, білім беру бағдарламасының сапасы, студенттердің жетістіктері және университеттің жалпы көрсеткіштері сияқты маңызды критерийлерге негізделген бағалау жүргізді.

Бұл жетістіктер заманауи білім беру бағдарламаларының, практикалық бағыттағы оқытудың, білікті профессорлық-оқытушылық құрамның, халықаралық серіктестіктің және ауқымды цифрландырудың нәтижесі.