4 февраля 2025


“ПСИХОЛОГИЯ” ББ ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГТЕ ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингінде С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасының 6В03101 «Психология» білім беру бағдарламасы 27 білім беру бағдарламасының ішінде екінші орынға ие болды. Бұл жетістік студенттердің жоғары деңгейде дайындалуын, оқытушылар құрамының кәсібилігін дәлелдейді, сондай-ақ білім беру бағдарламасының мемлекеттік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін көрсетеді.