5 февраля 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
5 февраля 2025
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттер үйінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты профилактикалық рейд өтті.
Рейдке облыстық
прокуратура өкілдері, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес мүшесі, облыстық
«Қазақстан студенттер альянсының» төрағасы, студенттік омбудсмендер және қызметтік
иттерімен кинологтар қатысты.
Мамандар
студенттермен кездесіп, нашақорлықтың зияны туралы ақпараттық материалдар
таратты. Сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың
аналогтарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу
немесе сату әрекеттері үшін заң алдында жауапкершілік қарастырылғаны
түсіндірілді. Сонымен қатар, тәуелділік мәселесіне тап болған адамдарға
қолжетімді көмек ресурстары туралы мәлімет берілді.
Өңірде есірткінің
таралуына қарсы күреске азаматтарды тартуға бағытталған «STOP есірткі!»
пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл жоба есірткі қылмысы туралы ақпарат берген
азаматтарға ақшалай сыйақы төлеуді қарастырады.