5 февраля 2025


ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ — ҚАЗАҚТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК МҰРАСЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры, абайтанушы ғалым, ф.ғ.д Айжан Картаева қазақтың зияткерлік мұрасы тоғызқұмалақты насихаттап, студенттерге үйретуде.

Ғалым бұл ойынға 1987 жылдан бері қызығып, өңірдегі алғашқы тоғызқұмалақшылардың бірі атанған. Ол — республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және осы ұлттық мұраны насихаттаушы.

— Тоғызқұмалақ тек ұлттық спорт түрі ғана емес, Абай дәстүрінің бір бөлігі. Жастарды логикалық ойлауға, зейінін дамытуға баулиды. Студенттер тарапынан қызығушылық жоғары,- деді Айжан Картаева.

Абайдың «Толық адам» ілімінде рухани, интеллектуалдық және физикалық дамуға ерекше ман беріледі. Ұлы ақын қазақ халқының зияткерлік ойындарына да көңіл бөлген. Тоғызқұмалақ — ұлттық ойын логикалық ойлау мен стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын дамытатын құнды мұра.