5 февраля 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
5 февраля 2025
Биылғы жылдың 20 қаңтарынан бастап С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында Шығыс Қазақстан облысының мектеп түлектеріне арналған кәсіби желілік мектебі жұмыс істеп келеді. Бұл бағдарлама облыстағы қала және аудан мектептерінің оқушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.
Қатысушылар ҰБТ-ның негізгі және бейіндік пәндерін оқиды: математика, Қазақстан тарихы, физика, химия, биология, қазақ тілі, орыс тілі, география, дүниежүзі тарихы және т.б. Сабақтар онлайн форматта өтеді. Сонымен қатар, университеттің кәсіби бағдар беру мамандары талапкерлерге жеке кеңес жүргізеді.
Айта кетейік, бұл курстар мектеп оқушыларына сапалы білім алып, өздерінің білім деңгейін арттыруға және болашаққа сенімді қадам жасауға үлкен мүмкіндік береді.