6 февраля 2025


«МАМАНДЫҒЫНЫҢ ҮЗДІГІ» ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында 1-2 курс студенттері арасында «Мамандығының үздігі» олимпиадасы басталды. Олимпиада студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Байқау барысында қатысушылар шет тілдері бойынша теориялық және практикалық тапсырмалар арқылы өз білімдерін көрсетеді.

Олимпиаданың негізгі бағыттары – тілдік дағдылар, аударма шеберлігі және логикалық ойлау қабілеті. Айта кету керек, мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың кәсіби дамуына ықпал етіп, студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.