6 февраля 2025


САБАҚ БАРЫСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да оқу қызметін жандандыруға арналған семинар өтті. Шараға педагогтер, оқытушылар мен білім саласының мамандары қатысты. Семинарды педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессорлар Радченко Н.Н. мен Сахариева С.Г. жүргізді.

Кездесу барысында дәріс формасының заманауи даму үрдістері, студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыру әдістері талқыланды. Сарапшылар қазіргі кезде дәстүрлі дәріс форматы ақпараттық, интерактивті және рефлексивті-іс-әрекеттік әдістер арқылы білім алушылардың белсенділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, тыңдаушы енді тек білімді қабылдаушы емес, өз бетінше ізденетін және зерттеу жұмыстарын жүргізетін тұлғаға айналуы керектігі айтылды.

Семинар барысында қатысушылар үшін түрлі қызықты ойындар мен жаттығулар ұйымдастырылды. Бұл ойындар оқытудың тиімділігін арттырып қана қоймай, педагогтердің өз тәжірибесінде қолдана алатын әдістерін жетілдіруге мүмкіндік берді.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті, ал ұсынылған әдіс-тәсілдер білім беру үдерісін одан әрі жақсартуға септігін тигізеді деп күтілуде.