6 февраля 2025


ШҚУ-ДА «ДЕСЕРТТЕГІ КРЕАТИВ» ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Көркем» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Десерттегі креатив» атты кондитерлік шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сабағын қаламыздың үздік кондитерлерінің бірі Динара Қалымбекқызы жүргізді.

Іс-шара барысында қатысушылар капкейк әрлеу, трайфл жасау, торт безендіру сынды кондитерлік шеберліктің қыр-сырымен танысты. Теориямен қатар, қыздар өз қолдарымен тәттілер әзірлеп, тәжірибелік дағдыларын шыңдады.

-Шараны ұйымдастыруға қолдау білдірген тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Калимолдина Жаннета Амангелдиновнаға және шеберлік сабағын өткізген Динара Қалымбекқызына алғысымызды білдіреміз,- деп бөлісті «Көркем» қыздар ұйымының жетекшісі Аружан Ердесбек.

Шеберлік сағаты қызықты әрі пайдалы өтіп, қатысушылар үшін жаңа білім мен тәжірибе алаңына айналды.