7 февраля 2025


«БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОНАҚ ДӘРІСІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде жаратылыстану-ғылыми пәндер ПЦК онкүндігі аясында «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының Жоғары колледж білім алушылары үшін қонақ дәрісі ұйымдастырылды.

Ашық дәрісті С.Аманжолов атындағы ШҚУ «компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар» кафедрасының сениор-лекторы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Жақсалықова Ақмарал Құдайбергенқызы «Жасанды интеллект модельдеріне сұраныс жасау» тақырыбы бойынша өз білімімен бөлісті.

Дәрістің негізгі мақсаты: қатысушыларды нақты және тиісті жауаптар алу үшін жасанды интеллектке сұраныстарды тұжырымдаудың тиімді әдістерімен таныстыру, сондай-ақ сыни талдау және сұраныстарды тұжырымдау дағдыларын дамыту болды.

Кездесу терең мазмұны мен маңыздылығымен ерекшеленді, D-ID, Stable Diffusion, Suno AI және Kandinsky 3.0 нейрондық желілерімен жұмыс істей алатын студенттердің белсенді қатысуын тудырды, алған білімдерін сұраныстарды құру және оңтайландыру үшін қолданды.

 

Дәріс соңында оқытушы IT бағыттағы колледж студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.