7 февраля 2025


КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ — БІЛІКТІ МАМАН БОЛУҒА ЖОЛ АШАДЫ

❖ Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру мен болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында атқарылатын жұмыс.
❖ Осы ретте 06.02.25 “Физика және технологиялар кафедрасының” сениор-лекторы Төкежанов А.Б. және өңдеу өндірісінің мастері Сеитова А. ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, “М.Ломоносов атындағы орта мектеп” КММ-де кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізіп қайтты.
Мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларына мамандықты таңдау жасауына бағыт беріп, Университет туралы презентация көрсетіліп, мамандықтар және қосымша біліктіліктер таныстырылды. Кері байланыс орнатылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.