7 февраля 2025


С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ КОМПЬЮТЕРЛІК ҮЛГІЛЕУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ ҚАЛА ЖӘНЕ ОБЛЫС МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗЕДІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Өскемен қаласы және Шығыс Қазақстан облыс мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында информатика пәнінен аймақтық олимпиадасын өткізеді.

Олимпиада ұйымдастыру комитетінің атына электронды түрде 2025 жылдың 19 ақпанына дейін олимпиадаға қатысу туралы өтінімдерді kafedra.kmiit@mail.ru. электронды мекен-жайына жіберу керек.  Олимпиада 2025 жылдың 21 ақпанында сағат 8.00-де Өскемен қаласы, Шәкәрім көшесі 148, 7- оқу ғимаратында өткізіледі.

Өтінім формасы:

Оқушының аты-жөні (толық):

Байланыс телефондары (ұялы)

Электрондық поштасы (e-mail)

Сыныбы, оқу орнының аты мен мекен жайы

Ғылыми жетекшінің аты жөні (толық), қызметі, лауазымы, байланыс телефоны, электрондық поштасы  (e-mail):

Қатысу тілі

      

 Берілген ақпараттарға байланысты олимпиада бағдарламасы құрылады.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – Информатика пәні бойынша онлайн тест түрінде;

Максималды балл  – 50 балл.

40 балдан төмен алған қатысушылар екінші кезеңге өтпейді.  

 Екінші кезең –жоба қорғау түрінде ұйымдастырылады.

Жоба бағыты/ тақырыбы:

«Білім берудегі жасанды интеллект мәселелері».

 Қатысушылардың жобасын бағалау критерийлері:

 Қазылар алқасы жобаларды 5 балдық шкала бойынша, келесі критерийлер арқылы бағалайды:

  1. Идеяның ойлылығы;
  2. Іске асыру сапасы және аяқталу дәрежесі (жаңа технологияларды пайдалану, макет, интерфейс, функционалдық, бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеуі, жұмыстың күрделілігі);
  3. Білім берудің нақты міндеттерін шешу;
  4. Тәжірибелік қолдану, енгізу және пайдалану мүмкіндігі;
  5. Іске асыру (макет, интерфейс, дизайн, функционалдығы);
  6. Презентация, Жобаның сипаттамасы, команданың / қатысушының сөз сөйлеу мәнері.
  7. Баяндамашы әзірленген мәселелерді шешетін интерактивті бағдарлама командасы;
  8. Баяндамашының қазылар алқасының сұрақтарына жауап бере алуы;
  9. Уақыт бойынша презентация регламентінің сақталуы;
  10. Тұсаукесер кезіндегі көрермендердің қызығушылығы.

 Ең жоғарғы жинақты балл – 50 балл.

Екі кезең бойынша орындалған тапсырмалар үшін мүмкін болатын максималды балл жиынтығы – 100 балл.

Олимпиада регламенті

Уақыты

Іс шара атауы

8.00-8.30

Олимпиада қатысушыларын қарсы алу және тіркеу

8.30-8.45

Олимпиаданың салтанатты түрде ашылуы. Қатысушылар мен қонақтарды қарсы алу.

8.45-9.00

«Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар» кафедрасының білім беру бағдарламалары туралы бейнероликті демонстрациялау

9.00-10.00

Олимпиаданың 1-ші кезеңінің ашылуы (онлайн тестілеу).

 

10.10-10.30

Олимпиаданың 1-тур жеңімпаздарының есімдері жарияланады. Олимпиаданың 1-турының жеңімпаздарына жоба тақырыбы беріледі.

10.4511.00

Олимпиаданың 2-ші турының басталуы. Жобаларды дайындау.

11.00-12.00

Мұғалімдерге арналған мастер-класс

11.00-13.00

Жобаларды қорғау

13.30 – 14.00

Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері олимпиаданың екі кезеңінің қорытынды нәтижесі бойынша анықталады. Олимпиада жеңімпазына (бас жүлде) олимпиада бейініне сәйкес университеттің (төрт оқу жылына) білім гранты беріледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер (1, 2, 3 орын) қатысу тілі бойынша 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

 Ұйымдастыру комитеті:

 Модераторлар:

Әшім Толғанай Мақсатқызы,  компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар  кафедрасының лекторы, т. +7-747-503-62-70;

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Шәкәрім көшесі 148, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің №7 оқу ғимараты, компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы, ауд.220. Телефон: 8(7232) 22-51-84; е-mail: kafedra.kmiit@mail.ru.