7 февраля 2025


ТДМ: ҚАЗАҚ, ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

С.Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан университеті білім беруді халықаралықтандыруды университеттерге білім, технология, тәжірибе, ресурстар мен мәдени дәстүрлерді өзара байыту мүмкіндігін алу үшін жағдай жасау деп қарастырады. Тұрақты жаһандық ынтымақтастық аясындағы серіктестік Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында шетелдік ғылыми және оқу орындарымен және ұйымдарымен жасасқан халықаралық келісім-шарттар шеңберінде жүзеге асырылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы халықаралық Эрасмус+ және Орхун бағдарламалары бойынша Омбы мемлекеттік университеті (Ресей), Еге университеті (Измир, Түркие), Бат университеті (Бат, Англия), Сегед университеті (Сегед, Венгрия), Адам Мицкевич университеті және Люблин медициналық және әлеуметтік ғылымдар академиясы (Польша), Клуж-Напоко техникалық университеті (Клуж-Напоко, Румыния) университеттерінде дәрістер оқып, тағылымдамадан өтті.

Сондай-ақ кафедрамызда академиялық ұтқырлық бойынша алыс-жақын шетелдерден келген студенттер білім алады. Соңғы 3 жылда Франция, Венгрия, Моңғолия, Тәжікстаннан келген студенттер қазақ, орыс тілдерін үйреніп, білім алды. Шетелдік студенттер мәдени, білім беру, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға, концерттерге, фестивальдерге, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, форумдарға, семинарларға, пікірсайыстарға және т.б. белсенді қатысады.

Қазақ халқының әлемдік мұрасы – Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу арқылы елдермен мәдени және білім беру байланыстарын нығайту мақсатында Польшада Свече қаласындағы Лингвистикалық-техникалық университетте Абай институтының филиалы  ашылды. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай отандық және шетелдік серіктестермен түрлі іс-шаралар өткізілді.

«Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына шетелдік профессорларды тарту» бағдарламасы аясында кафедрамызда Корвин университетінің профессоры Золтан Бузади (Мажарстан) Академиялық көшбасшылық бойынша, Кыркларелі университетінің профессоры Булент Байрам (Түркия) түркі фольклоры мен этнографиясы бойынша дәрістер оқыды.