7 февраля 2025


ШЕТЕЛДІК ТАЛАПКЕРЛЕР ФОТОКЛУБҚА ҚАТЫСТЫ

ШҚУ-дың дайындық бөлімінде білім алып жатқан шетелдік тыңдаушылар А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен “Ес-аға” фотожурналистика клубының ашылу рәсіміне қатысты.

Клубтың ашылуы қазақ фотожурналистикасының көрнекті өкілі, белгілі фотограф Есімхан Орынбаевтың 70 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ол өзінің шығармашылық қызметін 1988 жылы “Дидар” газетінде бастаған. Сондай-ақ, оның есімі аталмыш басылыммен және Шығыс Қазақстан өңірімен тығыз байланысты болды.