7 февраля 2025


ШҚУ СТУДЕНТІ 9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Химия кафедрасының сениор-лекторы Гауһар Әбілмажинованың жетекшілігімен «Химия-Биология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Өскемен қаласындағы №46 орта мектебінде 9-сынып оқушыларына «Аммиак молекуласының моделі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар аммиак молекуласының құрылымын зерттеп, химиялық реакциялар жүргізді. Интерактивті форматтағы тәжірибелер олардың қызығушылығын арттырып, химия пәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Университет пен мектеп арасындағы осындай байланыс оқушылардың ғылыми білімге деген ынтасын арттырып, оларды болашақта С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да химия саласы бойынша білім алуға ынталандырады.