7 февраля 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Amanzholov University-де Академиялық кеңестің отырысы өтіп, онда білім беру бағдарламаларын дамыту және стратегиялық жоспарлау мәселелері қарастырылды.

Отырыс барысында қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын ашу жоспарлары қабылдауға ұсынылды. Сондай-ақ, Жоғары мектептердің білім беру бағдарламаларының рейтингін арттыру, студенттер контингентін қалыптастыру және 2025-2026 оқу жылына қабылдау жоспарын бекіту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – университеттің LMS жүйесін Бірыңғай жоғары білім беру платформасымен (БЖБП) интеграциялау үдерісін қарастыру және ұлттық университеттер рейтингіне қатысу болды. Сонымен қатар, педагогикалық бағыттағы бітіруші курс студенттерін міндетті қорытынды кәсіби емтиханға (МҚКЕ) дайындау сұрақтары талқыланды.

 

Одан бөлек, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік материалдарды басып шығаруға ұсыныс енгізілді.