7 февраля 2025


«DOSTYK SCHOOL TALDYKORGAN» ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҚОНАҚТА

Талдықорған қаласының 11-сынып оқушыларына арналған кезекті экскурсия өтті. Бұл жолы университет қонақтары «Dostyk School Taldykorgan» жекеменшік мектебінің оқушылары.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқу жылы көлемінде 9-11 сынып оқушыларына университеттің оқу ғимараттарына экскурсия ұйымдастырып келеді. Бұл – болашақ талапкерлер үшін университет өмірімен танысуға, оқытушылар мен студенттермен жүздесуге, сондай-ақ дәрісханалар мен зертханаларды көруге тамаша мүмкіндік.

Экскурсиялар университет оқытушыларымен бірге интерактивті кездесулер форматында өтеді. Оқушылар білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, қабылдау шарттары және студенттік өмір туралы сұрақтарын қоя алады. Сонымен қатар, олар кітапханалар, ғылыми зертханалар, заманауи дәрісханалар, музейлер мен орталықтарға барып, университеттің инфрақұрылымымен танысады.