10 февраля 2025


ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ МЕКТЕП ӘДІСТЕМЕЛІК ОНКҮНДІКТІ БАСТАДЫ

Жоғары гуманитарлық мектепте әдістемелік онкүндік басталды. Бұл ауқымды білім беру шарасы аясында педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Елена Чжан Жоғары мектептің білім алушыларына воркшоп өткізді.

Сонымен қатар, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының сениор-лекторы Гүлмира Бекбосынова қазақтың жалпымемлекеттік демократиялық басылымдары туралы семинар ұйымдастырды. Бұл шараға шетелдік оқытушылар да белсенді қатысты. Лейпциг (Германия) Шығыс Еуропа тарихы және мәдениеті институтының профессоры Андрей Виноградов студенттерге экологиялық тарих туралы дәріс оқыды.

Жоғары гуманитарлық мектеп өкілдерінің айтуынша, әдістемелік онкүндік аясында «Шет тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысқан жыл сайынғы «Мамандықтың үздігі» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.