11 февраля 2025


«СТУДЕНТТЕР ҮЙІ – ТАЗАЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ» ТАЗАЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Студенттер үйі – тазалықтың үлгісі» атты тазалық апталығы басталды. Іс-шараның мақсаты – студенттер үйінде тазалық мәдениетін қалыптастыру, жастардың ұқыптылығын арттыру және қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға ықпал ету.

Апталықтың алғашқы күнінде студенттер үйлерінде тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында әрбір студенттер үйінің таза әрі ұқыпты жағдайда болуы керектігі ескертілді. Апталық қорытындысы бойынша бағалау жүргізіліп, ең таза әрі үлгілі студенттер үйі анықталатын болады.