11 февраля 2025


ШҚУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Өскемен қаласының білім бөлімі ұйымдастырған «Үздік педагог-психолог – 2025» қалалық байқауының алғашқы кезеңінде психология және түзету педагогикасы кафедрасының оқытушылары қазылар алқасының құрамында болды.

Байқаудың мақсаты – кәсіби құзыреттілігі жоғары, инновациялық әдістерді меңгерген педагог-психологтарды анықтау, қолдау және дамыту.

Қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің шығармашылық әдістерімен бөлісті. Мұндай іс-шаралар білім беру жүйесінде психологияның маңыздылығын арттырып, педагогтардың кәсіби әлеуетін дамытуға ықпал етеді.