12 февраля 2025


“МАМАНДЫҚТЫҢ ҮЗДІГІ” ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің шет тілдері және аударма ісі кафедрасында “Мамандықтың үздігі” олимпиадасының қорытындысы жарияланып, үздік студенттер марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер өздерінің жоғары деңгейдегі білімдері мен дағдыларын көрсетіп, лайықты марапаттарға ие болды. Бұл олардың талпынысы мен еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының бағыт-бағдарының жемісі.

І орын:

  • “Шет тілдері” (IP) мамандығының 1-курс студенті Еңлік Сейтқазы
  • “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының 2-курс студенті Хуат Ақшолпан

ІІ орын:

  • “Шет тілдері” (IP) мамандығының 1-курс студенттері Дінмұхаммед Өмірбекұлы, Томирис Сепбаева
  • “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының 2-курс студенті Әділет Мәдениетов

ІІІ орын:

  • “Шет тілдері” (IP) мамандығының 1-курс студенттері Нұрайлым Ерболқызы, Алтынай Кәдір
  • “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының 2-курс студенттері Әлия Олжабекқызы, Диас Далелов

Сонымен қатар, студенттердің олимпиадаға дайындығына ерекше үлес қосқан кафедра оқытушылары Диана Төлеусабыр, Зарина Мұратқанова, Гаухар Шәріпжанова, Жансая Рысханова, Қаламқас Жоламанова университет деканаты тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.