12 февраля 2025


ШЕТ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ АУДАРМА КАФЕДРАСЫНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің шет тілдері және аударма ісі кафедрасында академиялық комитеттің ақпан айына жоспарланған кезекті отырысы өтті. Жиынға Лицей №44 директоры Назарбаева Ж.К., Риддер қаласындағы №10 орта мектептің директоры Бердығожaева Р.К., «Бест» білім беру орталығының директоры Аймұхамбетова А.А., «Видергебурт» тілдік орталығының директоры Шумахер Е.В., сондай-ақ кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кафедра меңгерушісі Қапышева Г.К. білім беру бағдарламалары бойынша қысқаша шолу жасап, кеңес мүшелеріне оқу жоспарын жаңарту бойынша өз ұсыныстарын енгізуді ұсынды. Отырыста жұмыс берушілердің білім беру бағдарламасының мазмұнын жаңарту жөніндегі ұсыныстары, білім беру бағдарламасының модельдік анықтамалығы, 6В01703 «Шет тілі: екі шет тілі», 6В02301 «Аударма ісі», 6В01706 «Ағылшын тілі (IP)», 6В01707 «Шетел тілдері (IP)», 7М01703 «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарлары қарастырылды. Сонымен қатар, мамандар даярлау бойынша өзекті мәселелер, бітіруші курс студенттерін жұмысқа орналастыруға қажетті құжаттарды жинау, университеттің жаңа білім беру-тәрбие жүйесіне студенттерді интеграциялау және 1-4 курс студенттері арасындағы тәрбие жұмысының жай-күйі, оқу процесіне шет тілдерін оқытудың жаңартылған әдістемесін енгізу, сондай-ақ 6В01703 «Шет тілі: екі шет тілі», 6В02301 «Аударма ісі», 6В01706 «Ағылшын тілі (IP)», 6В01707 «Шетел тілдері (IP)», 7М01703 «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламаларының оқу жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.