12 февраля 2025


ШҚУ ӨКІЛДЕРІ ПЕДАГОГТАР МЕН АҒА ЖЕТЕКШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРДА

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Юлия Кукина және «Психология» білім беру бағдарламасының студенті Алишер Эльдаров мектептердің педагог-ұйымдастырушылары мен аға жетекшілеріне арналған қалалық семинарда шақырылған жаттықтырушылар ретінде сөз сөйледі.

Семинардың тақырыбы – «Мектеп парламенті – әлеуметтік бастамалардың құралы». Іс-шара барысында топ құру, мақсат қою және командалық рух мәселелері талқыланды. Қатысушылар психодиагностика әдістерін, тренинг ойындары мен жаттығуларын қолданды.