12 февраля 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ “SPEAKING CLUB” СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде әдістемелік онкүндік аясында шет тілдері және аударма ісі кафедрасында 1 курс студенттеріне арналған “Speaking Club” семинары өтті. Іс-шараны оқытушы Зарина Мұратқанова ұйымдастырды.

Семинар студенттердің шет тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталды. Қатысушылар түрлі тақырыптарды талқылап, коммуникативтік қабілеттерін жетілдірді. Кафедра оқытушылары олардың белсенділігі мен тілдік шеберліктерін бақылап, өз бағаларын берді.

Осындай тәжірибелік сабақтар студенттердің еркін сөйлеуіне, жаңа білім алмасуына және тілдік кедергілерді жеңуіне ықпал етеді.