13 февраля 2025


ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА ГРАНТ: ШҚУ-ДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ МЕН АУДАРМА ІСІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДА ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында ағылшын тілі мен аударма саласында ерекше қабілетімен көзге түскен 11-сынып оқушылары арасында аймақтық олимпиада өтті.

Бас жүлде – 4 жылдық білім гранты! Бұл мүмкіндік үздік оқушылар үшін үлкен жетістіктерге бастайтын алғашқы қадам.Олимпиада жеңімпаздары: Жас аудармашылар байқауының бас жүлдесі – Қайдарқызы Арай («№47 жалпы білім беретін мектеп», Өскемен). Ағылшын тілі олимпиадасының бас жүлдесі – Сатыбалды Сұлтанбек («№7 орта мектеп», Өскемен).

Сонымен қатар, олимпиада аясында профессор И.Ю. Ларионова мектеп мұғалімдеріне «Integrating School Learners into New Educational System» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында жаңа білім беру жүйесіне оқушыларды тиімді бейімдеу жолдары талқыланып, мұғалімдер оқыту сапасын арттыруға бағытталған құнды ақпарат алды.

Шара соңында, семинарға қатысқан мұғалімдерге Алғыс хат табысталды.