13 февраля 2025


СТУДЕНТТЕР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ

«Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері дуалды оқыту аясында «№34 мектеп-лицейі», «№12 мектеп-гимназиясы» және «№39 орта мектеп» сияқты жетекші білім беру мекемелерінде педагогикалық тәжірибеден өтуде.

Болашақ педагогтерді даярлауда мұндай формат баршаға сапалы білім беруді қамтамасыз ету міндетіне сәйкес келеді, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарының бірі өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдайды. Практикаға бағытталған оқыту студенттерге оқыту әдістемелерімен танысып қана қоймай, әртүрлі білім беру орталарында жұмыс істеу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, «№39 орта мектепте» КММ тәжірибеден өту ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыстың ерекшеліктерімен танысуға мүскіндік береді.

Тәжірибе жоғары кәсіби біліктілігі бар ұстаз-тәлімгерлердің жетекшілігімен жүзеге асырылады. Олардың тәжірибесі мен әдістемелік қолдауы студенттердің білім беру ордасының талаптарына тезірек бейімделуге және болашақ кәсіби қызметіне дайындалуға көмектеседі.