14 февраля 2025


«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР» ББ БОЙЫНША «МАМАНДЫҚ ҮЗДІГІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің әдістемелік апталығы аясында – «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық ұйымдардың маңыздылығын талдау мен бағалауға арналған «Халықаралық ұйымдар және олардың қазіргі заманғы әлемдегі рөлі» тақырыбында «Мамандық үздігі» байқауы өтті.

Байқауға «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс білім алушылары қатысты. Білім алушылар алдын-ала жеребе бойынша таңдалған тақырыптар бойынша жоба қорғады. Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тестті шешті.

Білім алушылардың жұмыстары жарқын, мәнерлі және берілген тақырыпты толық ашып көрсете алды. Білім алушылар материалды логикалық және дәлелді түрде жеткізе білуін, өз бетінше қорытынды жасай білуін, фактілермен жұмыс жасай білу дағдыларын көрсетті.

Байқау жеңімпазы болып 1 орынды 3 курс білім алушысы — Айбын Ділдә иеленді. Оған «Мамандық үздігі» атағы беріліп, ректор дипломы табысталды.

2 орынды 2 курс білім алушысы — Бахтиярова Дильназ және 3 орынды 2 курс студенті — Кадирбекова Құндыз иеленді.