14 февраля 2025


ШҚУ-ДА ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ӨТУДЕ

Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетімен келісілген «Логопедия негіздері» бағдарламасы бойынша қашықтықтан оқыту курсы өтуде.

Бағдарламаның мақсаты – логопедиялық түзету жұмыстарының заманауи тәсілдері мен әдістемелерін қолдану негізінде балалардың сөйлеу қабілетін қалыптастыру және дамыту бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Курсты педагогика ғылымдарының кандидаты Елена Северинова жүргізеді.

Оқуға Шығыс Қазақстан облысының әртүрлі өңірлерінен келген 13 тыңдаушы қатысуда. Курстың ұзақтығы – 108 сағат.