17 февраля 2025


БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНДА КЕЗЕКТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Академиялық комитет отырысына биология кафедрасының оқытушылық құрамынан басқа, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№6 орта мектебі» КММ директоры — Аскарова А.А., ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ биология пәні мұғалімі Ахатова А.К., «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай филиалының кешенді балық шаруашылығы зертханасының меңгерушісі — Касымханов А.М., «Пасека» шаруа қожалығының директоры — Касымбаев В.М. қатысты. Күн тәртібінде үш негізгі сұрақ қаралды:
  1. Білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізу: ШҚО білім басқармасы өкілдері мен басқа да мамандар білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуды ұсынды. Бұл ұсыныстар Қазақстандағы білім жүйесіндегі өзгерістер, еңбек нарығы талаптары мен биология ғылымының даму тенденцияларына сәйкес болуы тиіс. Атап айтқанда, биология және орман ресурстары, ара шаруашылығы салаларына байланысты пәндер енгізу ұсынылды.
  2. 2025-2026 оқу жылына элективті пәндер каталогын ұсыну: Биология кафедрасының әдістемелік секциясының төрайымы жаңа оқу жылына арналған элективті пәндер каталогын өзгертуге ұсыныс жасады. Білім беру бағдарламаларының эволюциясы мен сұранысқа ие пәндер енгізіліп, студенттердің таңдауы кеңейтілмек.
  3. Педагогикалық бағыттағы білім алушылардың білім деңгейін бағалау: Биология кафедрасының меңгерушісі студенттердің білім деңгейін бағалаудың маңыздылығын атап өтті. Қорытынды нәтижелерге теориялық білімдер мен практикалық дағдылардың деңгейі негізінде баға берілді. Оқу бағдарламасының тиімділігін арттыру мақсатында нәтижелер талқыланды.