17 февраля 2025


ГЕРМАНИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР ШҚУ-ДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Экология және география кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттары Германияның Тарих және мәдениет институтының профессоры Андрей Виноградовтың «Экологиялық тарих» тақырыбындағы дәрісіне қатысты. Дәрістерде ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері, қазіргі экологиялық-географиялық ғылымдағы пәнаралық тәсілдер талқыланды.