17 февраля 2025


“ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ — БҮГІНГІ ЖАС МАМАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ- ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі биология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар, бірқатар республикалық мектеп мұғалімдері, колледж оқытушыларының қатысуымен “Жарқын болашақ иесі — бүгінгі жас маман” атты республикалық ғылыми- әдістемелік семинар өткізді.

Семинарда биологияны оқытуда жасанды  интеллект қолдану тиімділігі, деңгейлеп саралап оқыту технологиясының маңыздылығы, функционалдық сауаттылықты арттырудағы заманауи платформалардың рөлі туралы пікір алмасу өте жоғарғы деңгейде өтті.

Ғылыми-әдістемелік семинарға қатысушылар биологияны оқытудағы замануи әдістер мен жасанды интеллекті қолданудың тиімді тәсілдері жайлы тың ақпарат алғандарын жеткізді.