17 февраля 2025


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЗЕРТТЕУЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі КМжАТ кафедрасында «Жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер» тақырыбында онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Алтай мемлекеттік университетінің өкілдері қатысты.

Конференцияны IT және Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы, PhD докторы, Салтанат Адиканова ашып, мұндай конференцияларды өткізудің қазіргі заманғы үрдістер тұрғысынан маңыздылығын атап өтті.

Е.В.Шостак, Е.В.Понькина «Деректерді интеллектуалдық талдау технологияларын қоршаған ортаның параметрлерін бақылау жүйелерінде пайдалану» тақырыбында (Алтай мемлекеттік университеті); Д.Ж.Бидахметов, И.М.Увалиева «Жасанды интеллект технологиясы мен Eye-Tracking әдісін мектепке дейінгі балалардың аутизмін диагностикалау үшін қолдану» тақырыбында (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ) баяндама жасады. Докторанттар М.А.Қайдарова, П.Әнафия, Н.Т.Тілеубеков жасанды интеллект саласындағы диссертациялық зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды; PhD докторлар, КМжАТ кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор М.Ж.Базарова мен М.А.Карменова ғылыми жобалары бойынша жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.

Конференцияға қала және аудан мектептерінің мұғалімдері, ОП 8D01501 — «Информатика», 7М01501 — «Информатика», 7М06102 — «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттар қатысты.

Баяндама мазмұны жасанды интеллект саласындағы жаңа зерттеулердің қолданбалы аспектілерін, үлкен деректер мен машиналық оқытудағы заманауи технологиялық жетістіктерді қарастыруды қамтыды.